$500.32 €545.3 ₽6
×

Еуроодақ Ресейге қарсы санкцияларды енгізуге құлшынып отырған жоқ

AstanaTV
07.03.2014ж. 10:00
1152
Еуроодақ Ресейге қарсы санкцияларды енгізуге құлшынып отырған жоқ

Еуроодақ Украинадағы ахуал үшін Ресейге жарияламақшы болған экономикалық санкциялардан енді бас тартты. Бұл - одақ құрамындағы экономикасы қуатты аймақ ретінде танымал Германия мемлекетінің көзқарасы.

Siemens неміс концернінің атқарушы директоры Джо Кэзердің ойынша, Еуропа өзі тәуелді мемлекетке санкция жарияламайды. Бұл пікірге өзге де неміс кәсіпкерлері қосылып отыр. Өйткені, қатаң санкция Мәскеумен Еуропа елдерінің арасындағы бір ғана сауда қарым-қатынастарын тоқтатса, Германияның экономикасына залалын тигізеді. Сондықтан, Еуроодақ Ресейге тек визалық шектеулер енгізуі мүмкін.

Джо Кэзер, Siemens концернінің атқарушы директоры:

Ресейден Батыс Еуропаға тасымалданатын табиғи газ - осы аймақтағы барша мемлекеттер үшін маңызды энергия көзі. АҚШ Үкіметі мен қарапайым америкалықтар «Еуропа неліктен санкция мәселесіне келгенде ойланып қалады?» - деп айтуы әбден мүмкін. Оны түсіндіріп өтейін, өзіміз тәуелді болып отырған елге санкция жарияласақ, ол шешім ақылға сыймайтындай болады. Мәселен, мұнай мен газ өндіретін АҚШ санкцияға келгенде
«жомарттық» танытады, ал Еуропа мұндай қадамға бара алмайды.

Сымбат МОЛДАТАЙ