Отандық бизнес ақсап тұр: дәрі-дәрмек шығарумен айналысуы тиіс 90
кәсіпорынның тек екеуі - халықаралық стандартқа сай. Бұл туралы Ұлттық
кәсіпкерлер палатасындағы сала өкілдерінің бас қосуында мәлім болды.
Бақтыбай Қасымбеков, ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі
өнеркәсіп комитеті төрағасы:
2008 жылы 10 млрд теңге болатын болса, қазір 30 млрд теңгеге инвестиция
көтеріліп, осыған өнеркәсіптер салынды. Ол өнеркәсіптердің барлығы қазір 90
өнеркәсіп болатын болса, соның екеуі ғана халықаралық стандартқа сай болып
отыр.
Үкімет отандық бизнесті дамытуға қолдау көрсетіп келеді. Соңғы 3 жылда 22
миллиард теңгедей қаржы бөлініп, 20 жоба іске қосылды. Биыл фармацевтикалық
нарықтағы отандық өнімнің үлесі 50 пайызға жеткізу міндеті қойылды.
Дегенмен,
дәрі-дәрмек өндіретін кәсіпкерлердің өз талабы бар. Бизнес өкілдері шетелден
сатып алынатын дәрі-дәрмек бағасының алдағы уақытта қымбаттайтыны мәлім. Одан
қашып құтылу мүмкін емес деген сыңайда пікірлерін жеткізді.
Айта кету керек,
Ұлттық кәсіпкерлер палатасы қазір емдік препараттар құнын 20%-ға дейін
өсіріп алмау үшін күресіп жатыр.
Арнұр Нұртаев, ҰКП медициналық қызмет және медициналық-фармацевтикалық
өнеркәсіп комитеті төрағасы:
Дистрибьюторы будут заключать контракт с зарубежными производителями
лекарственных средств в долларах, евро, рублях. То есть, они не могут оставаться
на тех же уровнях, так как продаются эти препараты уже в тенге.
Сымбат МОЛДАТАЙ