Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

Алдағы тәуліктерде оңтүстікте жауын-шашын болып, арты тасқынға ұласуы мүмкін

AstanaTV
07.03.2014ж. 10:00
1029
Алдағы тәуліктерде оңтүстікте жауын-шашын болып, арты тасқынға ұласуы мүмкін

Еліміздің оңтүстігінде жауын-шашын күтілуде. Ал бұл Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарында су тасқынына әкеп соғуы мүмкін. Бұл туралы өңірлік төтенше жағдайлар қызметінің өкілдері хабарлады.

7-ші және 9-шы наурыз күндері еліміздің оңтүстік аймақтарында шамадан тыс жаңбыр жауады деп болжанып отыр. Онсыз да қалың жауған қар еріп, таулы аудандарда сел жүруі мүмкін.

Ал Қызылорда облысының Жаңақорған ауданы ең қауіпті аймаққа жатқызылып отыр. Өйткені, ақпанда болған тасқын мұнда қайталануы ықтимал. Құтқарушылар халықты таулы аудандарға сапар шекпеуді сұрап отыр.

Айта өтейік, бұған дейін Сырдария өзенінің көп бөлігі мұз құрсауында қалғаны, егер жауын шашын болса, алапат су тасқыны күтіліп отырғаны туралы да хабарланған еді.

Илхам ИБРАГИМ