$500.32 €545.3 ₽6
×

Қазақстандықтар биылдан бастап Bank of America акцияларын сатып ала алады

AstanaTV
07.03.2014ж. 10:00
1151
Қазақстандықтар биылдан бастап Bank of America акцияларын сатып ала алады

Қазақстандықтар Bank of America-ның акциясын биылғы жаздан бастап сатып ала алады. Құнды қағаздар ірі институциялық инвесторлар мен жеке адамдарға арналған. Бұл туралы Freedom Finance инвестициялық компаниясының басқарма бастығы Сәкен Өсер мәлімдеді.

Оның айтуынша, «елдегі қор нарығына жаңа құралдар қажет». Бастапқыда Bank of America-ның акциялары төмен бағада белгіленеді. Сондай-ақ, акция мөлшері де ірі көлемде сатылмайды, - дейді қаржыгер. Бірақ шамамен көлемі жарты млн долларды құрайтын акция да сатылымға шығуы мүмкін.

Айта кетейік, аталмыш АҚШ банктің акциясын 2013-жылдың қараша айында сатылымға шығару жоспарланған. Бірақ кейбір техникалық сұрақтар толық шешілмегендіктен, акцияны сатылымға шығару 2014-жылдың жазына шегерілді.

Bank of America Corporation - бұл Америкадағы ірі қаржы институты, акциясы Нью-Йорк биржасында 1895 жылдан бері саудаланып келеді.

Сымбат МОЛДАТАЙ