$478.93 €534.96 ₽5.16
×

«Аджип» пен «NCOC» ауаны ластағаны үшін өтемақы төлеуі мүмкін

AstanaTV
07.03.2014ж. 13:00
1119
«Аджип» пен «NCOC» ауаны ластағаны үшін өтемақы төлеуі мүмкін

Қашағанды игеріп жатқан «Аджип» пен «NCOC» компаниялары ауаны ластағаны үшін өтемақы төлеуі мүмкін. Табиғатқа келген зиян мөлшері 134 миллиард теңгеден асады. Бұл жөнінде Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Айта кетейік, Қазақстандағы ауқымды кен орнында бірнеше төтенше жағдай орын алған. Апат «Д» жасанды аралындағы ұңғымаларда болды. Ал Қашағандағы мұнайдың болжамды қоры 10 миллиард тонна, газ - 1 триллион текше метрге дейін. Теңіздегі мұнайды игеру - әлемдегі ең ірі жоба болып есептеледі.

Базаргүл ОТЫНШИЕВА