$478.93 €534.96 ₽5.16
×

Еуроодақ Украинаның жемқор шенеуніктерін тығырыққа тіреп жатыр

AstanaTV
07.03.2014ж. 13:00
902
Еуроодақ Украинаның жемқор шенеуніктерін тығырыққа тіреп жатыр

Еуроодақ Украинаның жемқор шенеуніктерін тығырыққа тіреп жатыр. Алдымен АҚШ визалық санкция енгізген еді. Бұдан соң Ұлыбритания да бірталай активтерді қатырып тастаған. Енді Нидерланды шенділердің есепшоттарындағы бірнеше млн еуроларын жұмыс істетпей, тоқтатып қойды. Бұл жөнінде голландиялық ақпарат көздеріне сілтеме жасап Reuters агенттігі хабарлайды.

Канада да бұдан қалыспады. Жемқорлыққа қатысы бар деген күдік туғызған Украинаның 18 азаматының активтерін тоқтатып тастады. Бұл ақпарат Канаданың сыртқы істер, сауда және даму министрлігінің сайтында жарияланған.

Батыстың «қара тізімінде» жұмысынан шеттетілген президент Виктор Янукович пен оның ұлдары да бар. Бұрынғы прокурор Виктор Пшонка, экс-премьер-министр Николай Азаров және күштік құрылымдардың бұрынғы бастықтарын да бұл тізімнен көруге болады.

Айгүл ӘДЕПБАЙ