$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Қызмет пен құрметтің ортасында жүрген ізгі де іскер әйелдердің қоғамдағы орны ерекше

AstanaTV
07.03.2014ж. 20:00
2290
Қызмет пен құрметтің ортасында жүрген ізгі де іскер әйелдердің қоғамдағы орны ерекше

Қызмет пен құрметтің ортасында жүрген ізгі де іскер әйелдердің қоғамдағы орны ерекше. Осыған орай біз аймақтардағы белсенді аналарды сөзге тартқан едік. Мереке қарсаңындағы кейіпкерлеріміздің бірі "Нұр Отанның" бастауыш партия ұйымының басшылығын тізгіндеп жүр. Ал екіншісі ерлерге бергісіз қызметті абыроймен атқарып жүрген нәзік жанды ару. Әмбебап әйелдер қауымының жемісті жұмысы мен келісті өмірі келесі бейнесюжетімізге арқау болған еді.


Гүлжан Көпжасарова Жамбыл облысы Байзақ ауданы Қызыл Жұлдыз ауылындағы мектепте қызмет етеді. 10 жылдан бері директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары. Нұр Отан партиясына қарасты ауылдық бастауыш партия ұйымының басшысы. Қысқасы, 3 баланың анасы бәрін бірге алып жүр.


Гүлжан Көпжасарова, Н.Ақшабаев атындағы орта мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, "Нұр Отан" партиясының мүшесі:


«Нұр Отан» партиясының 60 пайызын әйелдер құрайды екен. "Қызыл жұлдыз" бастауыш партия ұйымның сапалық құрамына келетін болсақ, жалпы партия мүшелерінің саны 179, оның ішінде 154-і әйелдер. Осы санннан ақ білуге болатын шығар, біздің аналарамыздың бүгінгі қоғамда үлкен орын алатынын.


Күні кеше партия қатарында екенін растайтын су жаңа электронды билеттің де иесі атанып үлгерді. Қоғам жұмыстардың қозғаушысы өнерден де құр алақан емес.


Жалпы оқу ордасындағы тәрбие мен тәлім, мінсіз міндет мектеп басшысының мойнында. Алматы қаласы Ыбырай Алтынсарин атындағы №159 гимназия директоры Аягүл Төреқызы бір мектепті 20 жылдан бері басқарып келеді.


Көрдіңдер ме, балалар? Аналарың жандарыңда жүрсе, сендер батыл да болады екенсіңдер, батыр да болады екенсіңдер. Иә балалар?


Ұстаз басшылық еткен ұзақ жыл ішінде оқу ордасының абыройы асқақтады. Халықаралық байқауларда Бас жүлдені бермейтін білім ошағы бірнеше жыл еліміздегі «Ең таңдаулы мектеп» атағын иеленіп келеді.


Аягүл Миразова, Ы. Алтынсарин атындағы №159 гимназияның директоры, "Нұр Отан" партиясының мүшесі:


Білімді болу керек. Өзінің білімін өмір бойы дамытып отыратын ұстаз болу керек.Екінші мына балаға деген көзқарасы ерекше болу керек. Ол тек қана талап етіп, менің айтқанымды орында деген ұстаз,ол көп нәрседен ұтылған ұстаз.


Жалпы, еліміз бойынша билік партиясы мүшелерінің бүгінде 60 пайызы әйелдер. 15-ші сьезде уәкілетті органдардағы нәзік жандылар саны 30 пайызға артыпты. Сондай-ақ ақпанның 20-сы күні партияның орталық аппаратына жетекші болып тұңғыш рет әйел адам тағайындалды. Ал 2014-ші жылдан саяси ұйым әйел-аналарды кешенді қолдау жобасын іске асырмақ.


Данияр ӘЛІМҚҰЛ, Досжан ҚАЛИЕВ