$498.34 €519.72 ₽4.85
×

БҚО Жәнібек ауданының бес ауылының әкімі алаяқтығы үшін жауапқа тартылмақ

AstanaTV
11.03.2014ж. 20:00
2775
БҚО Жәнібек ауданының бес ауылының әкімі алаяқтығы үшін жауапқа тартылмақ

Батыс Қазақстан облысындағы Жәнібек ауданының бес бірдей ауылының әкімі алаяқтығы үшін жауапқа тартылмақ. Облыстық прокуратура таратқан ақпаратқа сүйенсек, ауыл басшылары бюджеттік қаражатты ысырап қылған.

Өткен жылдың қараша айында Ұзынкөл, Ағоба, Таловка, Борсы және Жақсыбай ауылдық округтерінің әкімдері өздеріне қарасты елді мекендердің жолдарын жөндеу үшін «ЖәнібекСтройСервис» ЖШС-мен келісімшарт жасасқан. Бірақ мердігер өз міндетін атқармаған, ал бұған көз жұмған ауыл әкімдері жасалмаған жұмысты орындалды деп қол қойып жіберген.

Прокурорлар кезекті тексеру барысында 810 мың теңге қазына ақшасының аталмыш серіктестіктің шотына аударылғанын анықтап отыр. Қазір осы деректер бойынша, тексеріс материалдары аудан прокуратурасымен қаржы полициясына жолданды. Ендігі шешімді қаржы полициясы қабылдайды. 


Еркін ҚАРИН