$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Шымкентте ВИЧ індетіне шалдыққан 9 жасар жеткіншек көз жұмды

AstanaTV
11.03.2014ж. 20:00
1421
Шымкентте ВИЧ індетіне шалдыққан 9 жасар жеткіншек көз жұмды

Шымкентте ВИЧ індетіне шалдыққан 9 жасар жеткіншек көз жұмды. "Балаларды СПИД-тен қорғайық" қоғамдық қорының төрайымы мұны ақ халаттылардың салғырттығынан көріп отыр. Айта өтейік, өңірде жаппай індет тараған уақытта онсыз да ауыр дертіне ауру жамап алған бүлдіршіннен ата-анасы жеті жыл бұрын бас тартқан болатын. Туа бітті мүгедек бала екі жасында мемлекеттің қарауына тапсырылған. 


Вот эти пролежни не должны быть, это выходит, что он в одном положении, он очень долгое время...


9 жасар баланың салмағы бар болғаны тоғыз келі. Жүдеп-жадағаны сонша, қараудың өзі ауыр. "Балаларды Спид-тен қорғайық" қоғамдық қорының төрайымы Жанетта Жазықбаеваның айтуынша, марқұм аштықтан өлуі әбден мүмкін. Өйткені ВИЧ індетінен бөлек бірнеше ауыр диагноз таңылған дімкәс баланың тамақ ішуі де соңғы уақытта қиындап кеткен.

Осыдан екі жыл бұрын балпанақтай болғанын мына суреттер дәлелдейді. Туа бітті сал аурымен ауыратын Бекжан соңғы жарты жылда тым жүдеп кетті дейді. Өйткені қарайтын адам жоқ. Ол әуелі бес жыл бойында облыстық психоневрологиялық диспансерде емделген. Бұл мекемеде елу балаға бір ғана маман жауапты екен.


Жанетта Жазықбаева, ЖИТС-ке шалдыққан балаларды қорғау қоғамдық қорының төрайымы:


Олар енді бірінші кезде «ол балада СПИД қой деп айтты». Кейін ана мен бала орталығы дәрігерлерінен сұраған кезде, ол баланың иммунитеті 1070 болды. Ол деген сау ... менде 1070 жоқ. Иммунитеті вирусный нагрузкасы 400-ден төмен болды деген. Сондықтан ол именно ВИЧтен СПИДтен өлді деп айтуға болмайды. Ол тек қана жөнді қарамаған үшін, салғырт қарағаны үшін осы әлеуметтік мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің.


Бақилық болған баланың соңғы уақытта денсаулығы нашарлағанын ана мен бала орталығы мамандары да растап отыр. Денсаулығы тым нашарлағанда, Бекжанды дәрігерлер осы орталыққа жеткізген. Ал өткен бір жылдың ішінде науқас бала емдеу мекемесіне тоғыз рет жатқызылыпты. Соңғы рет қаңтар айында жеткізілген ол, 38 күн бойы жансақтау бөлімінде жатып, ес жимаған.


Фарида Дүйсенбиева, ОҚО ана мен баланы оңалту орталығының бөлім меңгерушісі:


ВИЧ жағынан анализдері жақсы бұл баланың. Негізі аурухана төсегіне түскен кездегі жағдайы өте ауыр. Сондықтан оны дереу реанимация бөліміне жатқызылған.


Ал облыстық психоневрологиялық диспансер басшысы тілшілермен тілдесуді қажет деп таппады. Сәлемдемесін күзетшісі арқылы жолдады. Есесіне әлеуметтік салаға жауапты басқарма басшылары өз қарамағындағы мекеме қызметкерлерін ақтап алуға тырысып бақты. Ал елу балаға бір адам жауапты болуы маман тапшылығы емес, талапқа сай норма деген жауап алдық.


Мәдина Есімова, ОҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары:


Мен мекеме қарамады. Содан болды деп айту мүмкін емес. Денесінің терісінің сонша жұқалығы 15 минут, жарты сағат жатса, денесі қызара береді. Сондықтан оны қайта - қайта аударып тұрады. -Аударып тұрған ба енді? -Аударып тұрған, бірақ соның өзінде тез қызарып қалады.


Алайда қоғамдық қор төрайымы бұл уәжге тоқтағысы жоқ. Өйткені онсыз да туа бітті науқас балаларды қарауға шамасы жетпесе, маман сұратуға болар еді деп санайды. Сондықтан енді прокуратураға арызданбақшы.


Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ