$467.29 €501.03 ₽5.35
×

Алматы халықаралық әуежайында зергерлік бұйымдар контрабандасының жолы кесілді

AstanaTV
12.03.2014ж. 13:00
650
Алматы халықаралық әуежайында зергерлік бұйымдар контрабандасының жолы кесілді

Алматыда зергерлік бұйымдар контрабандасымен айналысқан әйел ұсталды. «Шарджа-Алматы» бағытында ұшқан әуерейсіне кедендік бақылау жүргізген қызметкерлер күдіктіні оқиға орнында құрықтады.

Сақшылар Қазақстан азаматшасының сөмкесінен 200-ден астам қолдан жасалған қымбат бұйымдар тәркіледі. Ақ-сары түсті алқа-сырғалардың жалпы салмағы 1 келіден асады. Қазір аталмыш оқиға бойынша Алматы қаласы бойынша Кедендік бақылау департаменті тергеу алды амалдарын жүргізуде.

Әлия ӘШІМ