$496.41 €542.77 ₽6.05
×

Венесуэладағы саяси қақтығыс салдарынан 22 адам қаза тапты

AstanaTV
12.03.2014ж. 10:00
2811
Венесуэладағы саяси қақтығыс салдарынан 22 адам қаза тапты

Венесуэладағы саяси қақтығыс салдарынан 22 адам қаза тапты. «Рейтерс» агенттігінің хабарлауынша, күні кеше қақтығыс алаңында тағы 2 студент көз жұмған.

Алдын ала болжам бойынша, ғимараттың жоғарғы жағынан көздеген снайперлер оғы екі жігіттің кеудесіне дөп тиіп, олар оқиға орнында қаза тапқан. Сонымен қатар, Уго Чавес басшылық еткен тұста, Николас Мадура жақтастары болған байкерлер билікке жақын болған.

Айта кетейік, елдегі үкіметке қарсы наразылық 4 ақпаннан жалғасып келеді. Наразы топ елдің басым қаласын басып алды. Ал мемлекет оппозиционерлері аталмыш қақтығыс артында билікті жақтаушы қарулы топтар бар деп күдіктеніп отыр.

Ал басшылыққа наразы топ елдегі қылмыс пен тауар тапшылығына алаңдаулы. Венесуэладағы жағымсыз жайтқа наразылық білдірген студенттер мен тағы бір белсенді топ ел астанасы Каракаста бас көтереміз деп отыр.

Андрес Карильо, қаза тапқан тұрғынның туысы:

Ол іші өшпенділікке толы жауыздармен айқасып жүріп қаза тапты. Мен елдегі жанжал мен қылмыстың алдын алуға шақырамын. Біз тыныш, әрі бейбіт елде өмір сүруге құқылымыз. Көшелерге шығып, айуанша алысып жүрмеуіміз керек, себебі ондайларды аяусыз өлім күтіп тұр.

Әлия ӘШІМ