Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Референдумнан бас тартпаған жағдайда Қырым парламенті таратылады

AstanaTV
12.03.2014ж. 10:00
855
Референдумнан бас тартпаған жағдайда Қырым парламенті таратылады

Қырым автономия мәртебесінен айырылып, республика атанғанын мәлімдеді. Жоғарғы кеңес депутаттары елге мемлекеттік мәртебе сыйлайтын тәуелсіздік декларациясын қабылдады. Жоғарғы кеңес төрағасы Владимир Константинов елді енді «Қырым Республикасы» деп атауды өтінді. Халық қалаулылары құптаған декларация заңды түрде референдум өткізіп, түбектің Ресей құрамына кіру мәселесін шешпек.

Егер жергілікті тұрғындар 16 наурызда өтетін референдумды жақтаса, Қырым тәуелсіз және егемен ел атанады. Кейін ел Ресей Федерациясының құрамына субъект ретінде енуге ұсыныс тастайды.

Ал Мәскеу құрамына жаңа ел қабылдап алуды қарастыратын заң жобасын қайта қарап жатыр. Украина тарапы болса, Қырым референдумнан бас тартпаса, ел парламентін таратамыз деп отыр.

Әлия ӘШІМ