$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Мұнай бағасы, мұнайдан басқа жол іздеу...

AstanaTV
30.04.2016ж. 20:00
2132
Мұнай бағасы, мұнайдан басқа жол іздеу...

Апта соңына қарай мұнайдың Brent маркасының бағасы 48,3 долларға дейін көтерілді. «Рейтерс» агенттігінің жазуына қарағанда, баға АҚШ-ң Федералды қорының базалық ставканы өзгертпейтінін – жылдық пайызды 0,25-0,5 көлемінде қалдыратынын хабарлағаннан кейін өскен. Мұнай котировкаларын нақ осы жаңалық жандандырған.  

Апта басында мұнай баррелі жыл басынан бері бірінші рет 46,5 долларға көтерілген еді. Экономист Сергей Смирнов «Астана» арнасына берген интервьюінде сол кездегі бағаның өсуіне бірнеше фактор әсер еткенін айтқан. Қытайдың стратегиялық қорларын көбейтуі деген сияқты. Экономистің есептеуінше, ең басты әсер еткен нәрсе - мұнайлы елдердің шикізат өндірісін ОПЕК-тен тыс тәулігіне 700 мың баррельге қысқартатын туралы әңгіме. Мұнай бағасы өсуі әрине, теңгеге жақсы ықпал етеді.

Жалпы, ОПЕК елдері өндірісті мұздай қатыруға келісе алмаса, ал келісе алмайтындарын барлығы айтады, мұнай бағасы төмендейді. Тиісінше теңге де «соңынан ереді»...

Мұнай-газға байланысты айтулы жаңалық: АҚШ Еуропаға бірінші рет сығымдалған газ жіберді.
Wall Street Journal-ң хабарлауынша, Луизианадан шыққан танкер Португалия жағалауына осы күндері келеді.

Жалпы, тақтатас өндірісі АҚШ энергия нарығын түбегейлі өзгерткен. 2017 жылы Құрама Штаттар газ экспорттаушы елге айналмақ. Еуропада америкалықтар орыстармен бәсекеге түседі. Еуропаның газға деген сұранысының үштен бірін Ресей жабады. АҚШ-тан келген газ «баға соғысын» ашуы мүмкін. Америкадан жететін газдың миллион британдық термальды бірлігі 4,3 доллар тұрады. Ресей 5,8 доллардан сатады. Сарапшылардың ойынша, орыстар бағаны 3 долларға дейін түсіруі мүмкін. Әйтсе де кейбіреулер басқаша ойлайды:

Алмас Чукин, сарапшы:

Ресейде жақсы қару бар – төмен баға. Өйткені Ресейден Еуропаға құбыр төселген. Ал газды құбыр арқылы жеткізу ең арзан тәсіл. Сығымдалған газды тасу болса, өте қымбат. Оны алдымен суыту керек, қысым арқылы сығымдау қажет. Арнайы кемелерге айдау керек. Ал орыстар газдың бағасын сәл түсірсе, америкалық газ қып-қызыл шығынға айналады.

Алмас Чукин  біздің шенеуніктердердің мұнай бағасы төмендесе, «қалтырап-дірілдейтінін», баға ақырындап өсе бастаса, қайтадан маңғаз кейпіне түсетініне тоқталды. Ал мұнай дәуірінің аяқталып келе жатқанын әлемдегі мықты аналитиктердің барлығы айтып отыр. 

Алмас Чукин, сарапшы:

Мұнай дәуірі аяқталып келе жатыр деп есептеймін. Әрине,дәл ертең емес. Оған дейін 30,40,50 жыл бар. Бірақ мұнайдың энергетикадағы басты тауар болмай қалатынын көріп отырмыз. Кейбір Еуропа елдері жел, су энергияларына көшіп жатыр. 19-ғасыр көмір ғасыры болғандай, мұнай дәуірі де аяқталады. Қазір мысалы, көмір жағатын электр станциялары болмаса, көмір соншалықты күн тәртібіндегі тауар емес. Қазір станциялар атомға, басқаға көшіп жатыр. Біз не істейтінімізді білуіміз керек.

Сарапшы былай жалғастырды: «Азғантай уақытта уран өндіру бойынша бірінші орынға шығамыз. Ураннан атом электрстанцияларына отын жасайды. Мүмкін біздің болашақ уранда шығар?

Алмас Чукин, сарапшы:

Біз азғантай халықпыз. 17 млн деген Мәскеу тұрғындарынан шамалы ғана көп. Сондықтан бізге жақсы өмір сүру формуласын табуға болады. Оның үстіне ресурстарымыз –табиғи байлық жетеді.

Сарапшының «азғантай халықпыз, бақуатты тұруға мүмкіндік жетеді» дегенін әрбір қазақстандық айтады. Бірақ ...мысалы, банктерге қарызы 300 млрд теңгеге жеткен...