Елбасы
Жарлығымен Мәдениет министрі қызметіне Арыстанбек Мұхамедиұлы тағайындалды.
Бұған дейін ол Төлеген Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының
ректоры қызметін атқарған.
Арыстанбек Мұхамедиұлы - ҚР еңбек сіңірген
қайраткері және «Құрмет» орденінің иегері. Әр жылдары Мәдениет және ақпарат
вице-министрі, Пезидент Әкімшілігінің әлеуметтік-саяси бөлімінің аға
инспекторы, ішкі саясат бөлімінің мәдениет секторының меңгерушісі болып жұмыс
істеген.
Ал 2013 жылдан бері Мәдениет және ақпарат министрлігін басқарған
Мұхтар Құл-Мұхаммед Президенттің кеңесшісі болып тағайындалды.
Еске салайық, 7 наурызда Президент Жарлығымен Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет
министрлігі аталып, қайта құрылды.
Сымбат
МОЛДАТАЙ