$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Қарағандыда қаза тапқан 23 жасар жігіттің өліміне қатысты жаңа жайттардың беті ашылды

AstanaTV
12.03.2014ж. 20:00
1377
Қарағандыда қаза тапқан 23 жасар жігіттің өліміне қатысты жаңа жайттардың беті ашылды

Қарағандыда қаза тапқан 23 жасар жігіттің өліміне қатысты жаңа жайттардың беті ашылды. Белгісіз біреулер 8 наурызда түнгі клубтың бірінде тыныққан жігітті тура би алаңында ауыр соққыға жыққан. Дәрігерлер таяқ астында қалған жігіттің тек миы шайқалып, құлағына зақым келді деп, үйіне қайтарғанымен, таң атысымен жігіт көз жұмған. Қазадан кейінгі тексеріс нәтижесі тіпті таңқаларлық. Себебі жігіттің тек миы шайқалып қана қоймай, бас сүйегі сынып кеткен екен. 


Әйелдер мерекесін тойламаққа бекінген Шыңғыстың әріптестері Қарағандыдағы түнгі клубтардың біріне барады. Мерекенің қызған шағы, би алаңына шыққан Шыңғысты белгісіз біреулер бастан салып қалған. Ағасы бейтаныс кісінің ұрғанын байқадым дейді, бірақ кім, қанша рет ұрды ол жағы белгісіз.


Асан Жүнісов, қаза тапқан жігіттің ағасы:


Он мне сказал, что его ударили. Что против толпы не смог ничего сделать. Поражает то, что там ведь была охрана. А они теперь говорят, что ничего не видели.


Есеңгіреп қалған жігітті ағасы мен жеңгесі жедел жәрдеммен ауруханаға апарады. Облыстық емханадағылар Шыңғыс Жүнісовты тексеріп, анықтама берген. 


Гамал Тоқсамбаева, "Қарағанды облыстық медицина орталығы" директорының орынбасары:


Науқастың бас сүйегінің жабық жарақаты тіркелді. Миы шайқалып, беті сырылған. Дыбыс жарғағы жарылып кеткен. Туған-туыстары науқасты ауруханаға жатқызудан бас тартып, қолхат жазды.


Бірнеше сағаттан кейін Шыңғыс өз үйінде көз жұмған. Ал қаза тапқан жігіттің туған-тустары оқиғадан кейінгі тексеріс нәтижесіне таңқалып отыр. Анықталғандай, Шыңғыстың миы ғана шайқалып қоймай, бас сүйегін тіреуші негіз сынып кеткен. Ал Шыңғыстың ағасы сол күнгі дәрігерлердің бейқамдығына аң-таң. Ақ халаттылар жігіттің өміріне қауіп төніп тұрғанын айтпаған.


Асан Жүнісов, қаза тапқан жігіттің ағасы:


Я спрашивал у врача, что нам делать в дальнейшем, каковы наши действия. Мне сказали, можете остаться, а можете уехать. Если уедете, то дома примите таблетки от головной боли и тошноты. Меня поражает халатность врачей.


Енді қаза тапқан Шыңғыстың туыстары ақиқат іздеп табан тоздырып жүр. Түнгі клубта 40-қа жуық бейнебақылау болған. Жазбалар тергеу тобының қолында болу керек, онда не жазылғанын әзірге тәртіп сақшылары айтпай отыр.


Жанатай Сембеков, Қарағанды облысы ІІД баспасөз хатшысы:


Аталмыш жайт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.


Әлия ӘШІМ