$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Қаржы министрлігі салық комитетінің басқарма бастығы Мұрат Бұлғынов қамауға алынды

AstanaTV
13.03.2014ж. 20:00
1299
Қаржы министрлігі салық комитетінің басқарма бастығы Мұрат Бұлғынов қамауға алынды

Қаржы полициясы салықшыларды әшкерелемек. Бүгін таратылған ақпар бойынша, Қаржы министрлігі салық комитетінің басқарма бастығы Мұрат Бұлғынов қамауға алынған. "Оған республика аумағында жалған кәсіпорындар арқылы басқа коммерциялық ұйымдарға салық төлеуден жалтаруға ықпалдасты деген айып тағылып отыр", - деп қаржы полициясының ресми өкілі мәлімдеді.

Бұған қоса дәл осындай айыппен еліміздің әртүрлі аймақтарындағы салық органдарының 18 қызметкеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Ұйымдасқан қылмыстық топтың мемлекетке келтірген залалы 2 миллиард 3 миллион теңге көлемінде. Қылмыстық іс бойынша Ақмола, Жамбыл, Қостанай және Оңтүстік Қазақстан облыстары салық органдарының қызметкерлері күдікке ілініп отыр. 


Мұрат Жұманбай, ҚР ЭҚСЖҚК агенттігінің ресми өкілі:


Қызмет бабын теріс пайдаланып, ұйымдасқан қылмыстық топтың жалған кәсіпорындарына кешендік жалған тексерістер өткізуге көмектескен. Осының нәтижесінде жалған фирмаларда есеп шоттарында, яғни заңсыз түрде төленген қосымша құн салығы пайда болып отырған. Бұған қоса қылмыстық іс бойынша күдікті ретінде Ақмола, Жамбыл, Қостанай және Оңтүстік Қазақстан облыстарының салық органдарының 16 қызметкері тартылуда.


Жұрағат БАМАН