$479.05 €534.57 ₽5.17
×

Маңғыстауда жанармай тасымалдаушы жүк көлігінің жүргізушісіне қатысты сот үкімі шықты

AstanaTV
13.03.2014ж. 20:00
826
Маңғыстауда жанармай тасымалдаушы жүк көлігінің жүргізушісіне қатысты сот үкімі шықты

Бостандықтан шартты түрде айырылады. Маңғыстау облысындағы Мұнайлы аудандық соты жанармай тасымалдаушы жүк көлігінің жүргізушісі Биқожа Сүндетовке қатысты бүгін осындай үкім шығарды.


Сот залында Биқожа Сүндетовке соңғы сөз берілді. Ол өз ретінде орын алған қайғылы оқиғаның абайсыздан болғанын айтып, жәбірленуші тараптан кешірім сұрады. Сондай-ақ, айыпталушы отбасындағы жалғыз асыраушы екендігін алға тартып, оны бас бостандығынан және жүргізуші куәлігінен айырмауды өтінді.


Еске салайық, қайғылы оқиға өткен жылы желтоқсанда болды. Жүк көлігінің жүргізушісі мұнай толтырылған тепловозды қиылыстан өткізбей, апатқа себепші болды. Нәтижесінде 20 цистерна мұнай аударылып, 17-сі өртеніп кетті. Машинист ауыр дәрежеде күйік алып, оның көмекшісі мерт оқиға орнында болғаны есімізде.


Жұрағат БАМАН