$479.05 €534.57 ₽5.17
×

Мұнай және газ министрлігі ілеспе газ өңдейтін жаңа зауыт салу жөнінде «Compact GTL Limited» компаниясымен келісімге келді

AstanaTV
14.03.2014ж. 10:00
1259
Мұнай және газ министрлігі ілеспе газ өңдейтін жаңа зауыт салу жөнінде «Compact GTL Limited» компаниясымен келісімге келді

Мұнай және газ министрлігі ілеспе газ өңдейтін жаңа зауыт салу жөнінде британдық «Compact GTL Limited» компаниясымен келісімге келді. Меморандум наурыздың жетісінде Лондонда пысықталған. Шет елдік инвестор зауыт құрылысына бастапқыда 300 миллион АҚШ доллары көлемінде қаржы құюға әзір екенін мәлімдеді.

Бұл туралы толық ақпаратпен министрлік біздің арнамен бөлісті. Онда "Өңдеуші зауыттың қай жерге салынатыны жер қойнауын игерушілерден түсетін ұсынысқа байланысты екені айтылған. Ол үшін жылына 100-300 миллион текше метр газ шығаратын кен орыны таңдалады. Бүгінде бірнешеуінен ұсыныс түскен.

Құрылыс мерзімі қажетті компания таңдалған соң анықталады. Жобаны қаржыландыруды инвесторлар толық өз мойнына алмақ. Атап айтсақ, олар "Бритиш Петролеум" компаниялар тобының жетекшісі Тони Хэйворд пен "тау-кен индустриясының патшасы" атанып кеткен Нэна Хэннэм. Келісімге сай инвесторлар кейін өнімді Қазақстан аумағында тұтынуға таратады. Бұл бүгінде елімізде тапшы сапалы жанармаймен қамту мәселесін шешуі тиіс.

Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ