$479.05 €534.57 ₽5.17
×

«Мәңгілік ел боламыз» патриоттық акциясының эстафетасын қарағандылықтар қабыл алды

AstanaTV
13.03.2014ж. 20:00
1472
«Мәңгілік ел боламыз» патриоттық акциясының эстафетасын қарағандылықтар қабыл алды

«Мәңгілік ел боламыз» патриоттық акциясының эстафетасын бүгін қарағандылықтар қабыл алды. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстанды дамыту туралы ұлттық идеясын қолдауға облыс тұрғындары белсене ат салысты.

Аймақтағы жоғары оқу орны студенттері, ірі кәсіпорын жұмысшылары, сондай-ақ этно-мәдени бірлестік өкілдерінен құралған бес мыңнан астам қарағандылық «Мәңгілік ел» идеясының негізгі құндылықтары саналатын бірлік, бейбітшілік және келісімді бір ауыздан қолдады. Жиналғандардың пікірінше, елдің экономикалық дамуына қоғамдық еңбексіз қол жеткізу мүмкін емес дегенге тоғысты.


Бауыржан Әбдішев, Қарағанды облысының әкімі:


Елбасымыздың осы ұлттық идеясын жүзеге асыру, біздің баршамыздың азаматтық міндетіміз. Әсіресе жүрегі жұртым деп соққан, біздің қарағандылық жастар үшін бұл міндеттің маңызы тіпті ерекше. Себебі Қарағанды Елбасымыздың еңбек және саяси атамекені.


Айдана Садықова, студент, шараға қатысушы:


Біз Қазақстанның дамуына, шарықтап өсуіне, өз үлесімізді қосуға әрқашан дайынбыз. Қазақстан болашағының жарқын, әрі нық, мәңгілік ел болатынына сенімдіміз.


Акцияға қатысушылар алдында танымал саясаткерлер, ақындар мен музыканттар сөз алды. Жиын соңында шараға қатысушылар «Атамекен» әнін қосыла шырқады. Сосын арнайы кітапқа жастар өз тілектері мен қолдауларын жазды. Акция эстафетасын одан әрі Оңтүстік Қазақстан мен Атырау облысы қабылдап алмақ.


Базаргүл ІЗІМОВА