$496.41 €542.77 ₽6.05
×

Спутниктер жоғалған боинг дабылын қабылдап алды

AstanaTV
14.03.2014ж. 13:00
1403
Спутниктер жоғалған боинг дабылын қабылдап алды

Байланыс серіктері із-түссіз кеткен малайзиялық «Боинг 777» ұшағының сигналын тіркеді. Алайда дабылдың әлсіз болғаны соншалық, мамандар ұшақтың қайда, қандай жағдайда екенін анықтaй алмауда. Әлсіз сигналдан кейін америкалық тергеушілер ұшақты белгісіз бағытқа айдап әкетті деп отыр.

Командир, я болмаса айдап әкетуші адам радиолокациялық құрылғыны өшіріп тастауы мүмкін. Енді іздеушілер күллі Үнді мұхитын тінтіп шықпақ. Осы ретте Вашингтон мұхитқа қарай әскери-әуе күштері мен патруль ұшағын аттандырған. Ал бірер күн бұрын америкалық мамандар ұшақтың төрт сағаттан кейін ұшуын доғарған деп топшылады. Себебі ұшақтағы авиациялық қозғалтқыштар жарты сағат сайын автоматты түрде әуелайнерінің жалпы жағдайы жайлы есеп беріп тұрған.

Еске салайық, Куала-Лумпур қаласынан Бейжіңге бағыт алған «Малэйжн Эйр Лайнс» компаниясының ұшағы 8 наурызда әуеге көтеріліп, 19-шы минутта Оңтүстік Қытай теңізінің үстінде жоғалып кеткен ұшақты іздестіру операциясына 10 елдің құтқарушылары ат салысып жатыр.

Әлия ӘШІМ