$479.05 €534.57 ₽5.17
×

Нью-Йоркте жарылыстан кейін құлаған үй үйінділерінің астында аман қалғандар іздестірілуде

AstanaTV
14.03.2014ж. 10:00
994
Нью-Йоркте жарылыстан кейін құлаған үй үйінділерінің астында аман қалғандар іздестірілуде

Нью-Йоркте тұрмыстық газдың жарылуынан мерт болғандардың саны төртке жетті. Он шақты адам із-түссіз жоғалғандар санатында. Құтқарушылар үйінділер арасын тексеру жұмыстарын жалғастыруда.

Еске салайық, өрт екі күн бойына дес берер емес. Нью-Йорк мэрі апатты жағдай газдың таралуынан болған деген ақпар таратты.

Ал куәгерлердің айтуынша, алғашқы кезекте жарылыс болған салдарынан бір мезетте үш тұрғын үй құлаған. Қазіргі таңда қаладағы Гарлем ауданы толықтай жабылған. Жараланғандардың бәрі жергілікті ауруханаларға жеткізілген. Құлаған ғимараттардың қалдықтары жер асты жолдарына дейін құлап, метро қозғалысы тоқтатылған. Қазіргі таңда апат орнында құтқарушылар мен өрт сөндірушілер қызмет етуде.

Билл де Блазио, Нью-Йорк қаласының мэрі:

Бұл біз үшін үлкен қасірет, қаза тапқандардың нақты санын әлі анықтай алмай отырмыз, әзірге 4 адам қайтыс болғаны белгілі, 60-тан астамы түрлі дәрежеде жарақаттанған, біз үйінді астында қалғандардың барлығын тапқанша, жұмысты тоқтатпаймыз.

Жұрағат БАМАН