$479.05 €534.57 ₽5.17
×

Еуроодақ Ресейге қатысты қатал санкция қолдануға дайын

AstanaTV
14.03.2014ж. 10:00
961
Еуроодақ Ресейге қатысты қатал санкция қолдануға дайын

Еуроодақ Ресейге қатысты санкциялар енгіземіз деп сес білдірді. Олар ресейлік тарап Украинаға қатысты ұстанымдарын өзгертпесе, есепшоттарды тоқтатып, визалық режимге шектеулер қоямыз деп отыр.

Германия канцлері Ангела Меркель Бундестаг мүшелерінің алдында сөйлеген сөздерінде ашық, әрі батыл болды. Оның айтуынша, Украинадағы қарбалас кезінде Мәскеу «джунгли заңдары» бойынша әрекет еткен. «Ендігі кезекте Қырым мәселесі жедел түрде шешілмесе, Ресей экономикалық және саяси проблемелардан құтыла алмайды. Орын алған дағдарыстан дипломатиялық түрде ғана шығуға болады. Болмаса, Еуроодақ Ресейге қатысты санкциялар әзірлеп отыр», - деп тәмамдады Германия канцлері.

Ал АҚШ тарапы бүгіннің өзінде екі ел арасындағы визалық режимге шектеулер қойып үлгерген. АҚШ президенті Барак Обама украиналық премьер Арсений Яценюкпен кездесуінде: «Ресей Украинаға қатысты іс-қимылдарын жалғастыра берсе, олар кейін тиесілі жауап беретіндіктерін» - айтқан.

Ангела Меркель, Германия канцлері:

Ресей тарапы Украина елі әлсіреп тұрған мезетті ұтымты пайдаланбақ болды. Егер де олар бұндай әрекеттерін жалғастыра беретін болса, бұл украиндықтарды құлдырауға әкелмек. Ал Еуроодақ Ресеймен қарым-қатынасты қайта қарастырмақ. Бұл ресейліктерге экономикалық және саяси мағынада қысым көрсетілуі мүмкін деген сөз.

Жұрағат БАМАН