$479.05 €534.57 ₽5.17
×

Еуропаны 25 жылдық экономикалық тоқырау күтіп тұр

AstanaTV
14.03.2014ж. 10:00
1063
Еуропаны 25 жылдық экономикалық тоқырау күтіп тұр

Еуропа 25 жыл бойына экономикалық тоқырауда болуы мүмкін. Бұндай пікірді миллиардер Джордж Сорос "Блумберг" телеарнасына берген сұхбатында білдірген.

Оның айтуынша, еуроодақ жапондық үлгі бойынша тоқырауға енбек. Алайда ескі құрлықтың құлдырауы күн шығыс елінікінен қарағанда, әлдеқайда қиынырақ болмақ көрінеді. Себебі қазіргі таңда еуроаймақ саяси дағдарысты бастан өткізуде.

Қаржыгердің пайымдауынша, несие беруші елдер қарызгер мемлекеттерді толықтай бақылауға алған. «Ең алдымен осы мәселені реттеу керек. Бірігу, ықпалдасу қажет», - деп қортындылады ол.

Джордж Сорос, әлемдік қаржыгер:

Алдағы 25 жыл Еуропа үшін төмен экономикалық өсімнің кезеңі болады. Кейбір мемлекеттер бұндайға төтеп бере алады. Мысалы, Жапония қазір 25 жылдық тоқыраудан түбегейлі құтылуға тырысып жатыр. Бірақ, Еуроодақ ол мемлекет емес, қауымдасу үдерісі толық жүзеге аспаған елдер тобы. Ол экономикадағы 25 жылдық тоқырауға шыдас бере алмауы мүмкін. ЕО-қа бұдан да тығыз интеграция керектігіне сенемін.

Жұрағат БАМАН