$496.41 €542.77 ₽6.05
×

АҚШ Ресеймен энергетикалық соғысқа дайындалып жатыр ма?

AstanaTV
14.03.2014ж. 13:00
1053
АҚШ Ресеймен энергетикалық соғысқа дайындалып жатыр ма?

Вашингтон соңғы 25 жыл ішінде алғаш рет мұнай қорын жария етті. Бұл жайында шетелдік бұқаралық ақпарат көздері жарыса жазып жатыр. Бұған дейін жер қойнауындағы қара алтынның қорын Вашингтон тек 1990 жылы ресми түрде мәлімдеген. Сол жылдары Ирак Кувейтке баса көктеп кіріп, Парсы шығанағында соғыс басталған еді. Осылайша, АҚШ елге мұнай жеткізілу жұмыстары қысқартылған уақытта да, қорда бар қара алтын жеткілікті екенін көрсетті.

Бүгінгі таңда АҚШ мұнай қорының көлемі 700 миллионға жетті. Соның 5 миллионы сатылымға шығады деп жоспарлануда. Сарапшылар Вашингтонның бұл қадамын өздігінше топшылайды.

Айтуларынша, АҚШ Украина мен Ресей Федерациясы арасындағы шиеленісті пайдалана отырып, халықаралық нарыққа ықпал ете алатынын көрсетпек.

The Financial Times-тың мәлімдеуінше, Ресей мұнайдың дәл осындай күкірт қосылған түрін экспорттайды. Америка дегеніне жетіп отыр. Өйткені, қор туралы мәлімет жарияланған бойда мұнайға деген сұраныс бірден 2%-ға төмендеді.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА