Халықты коммуналдық қызмет пен тауар бағаларының артуы алаңдатады. Тұрғын үй мәселесі, жолдардың сапасы мен жұмыстың жоқтығы да әлеуметті толғандырып отыр. «Нұр Отан» партиясының қоғамдық саяси институты өткізген зерттеу қорытындысы осыған саяды.
Аталмыш көрсеткіштен кейін партия мемлекеттік органдарға
халықтың берген бағасын саралады. Мұндай мүмкіндік жаңадан енгізілген электронды партия жүйесі
арқылы жүзеге асып отыр. Енді «Нұр Отан»
партиясының қоғамдық қабылдау бөлмелеріне келіп түскен арыздар мен аталмыш
зерттеулер арқылы халықтың әл-ауқаты зерттеліп, өзекті мәселелерді шешуге
бағытталған көрсеткіштер тізімі бекітілді.
Әлия ӘШІМ