$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Шымкентте аштықтан өлді деген ВИЧ індетті бала тастанды емес

AstanaTV
14.03.2014ж. 20:00
926
Шымкентте аштықтан өлді деген ВИЧ індетті бала тастанды емес

Шымкентте аштықтан өлді деген ВИЧ індетті бала тастанды емес. Қоғамдық қор төрайымының айтқаны орынсыз. Ал дәрігерлерге тағар кінә жоқ. Бүгін арнамызға арнайы келген бақилық болған бүлдіршіннің әкесі осылай деді. Бірақ ол өз аты-жөнін жариялауға келісімін бермеді. Тіпті тұр-әлпетінде жасырды.

Бекжанның әкесі:

Баланы тастанды ғып біз апарып тастаған жоқпыз. Баланы үйде қолда ұстауға мүмкіншілігіміз болмады. Ол күндіз-түні кейде денесі тартылатыны ұстап қала береді. Сосын оны облыстың орталығына күнде апара беретін жағдайымыз жоқ. Ауылды жерде тұрамыз. Сосын ләждің жоғынан осы жерге әкеп емдетеміз, қаратамыз деп әкелдік.

Еске салайық, өткен аптада Шымкентте ВИЧ-пен науқас бала қайтыс болды. Артынша, 11 наурызда «Балаларды СПИД-тен қорғайық» қоғамдық қорының төрайымы Жанетта Жазықбаева 9 жасар бала дұрыс күтімнің болмауынан өлуі мүмкін деген ақпар таратқан болатын. Оның айтуынша, "Психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекеме" қызметкерлері өз істеріне салғырт қарағандықтан, бала арып-ашып, қу сүйекке айналған.

Ол сондай-ақ індет тараған кезде ВИЧ қоздырғышын жұқтырған сәбиден туыстары бас тартып, бөбектер үйіне өткізіп жіберген дегенді айтқан-ды. Соңғы бес жылдан бері бірнеше ауыр сырқаты бар бала психоневрологиялық мекеменің қамқорлығында болыпты. Ол ауру асқынған соң Ана мен бала орталығында 38 күн жатып, көз жұмғанын айтқанбыз.

Осы оқиға біздің тілшілеріміздің назарынан таймады. Бала тағдыры, туыстары мен емдеуші дәрігерлердің шындығы туралы ертең 20.30-да "Біздің уақыт" хабарында толығырақ.

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ