$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Бүгін шешен ұлтының Қазақстанға жаппай репрессияланғанына 70 жыл

AstanaTV
14.03.2014ж. 20:00
1349
Бүгін шешен ұлтының Қазақстанға жаппай репрессияланғанына 70 жыл

Бүгін шешен ұлтының Қазақстанға жаппай репрессияланғанына тура 70 жыл. Сонау 1944 жылы елімізге Солтүстік Кавказдан барлығы 423 мың адам қоныс аударған. Адам төзбес аяз бен аштықтан жолда 1225 адам қаза тапқан. Бұл тек ресми дерек. Қанша өлімінің қағазға тіркелмегендігі бүгінде беймәлім.

Ата жұртынан қазақ еліне қоныс аударуларының жетпіс жылдығын шешен ұлтының өкілдері бүгін Өскеменде атап өтті. Шеттен келген босқындарды сыртқа теппей, бауырға басқан қазақ жұртына алғыстарын айтты. Ата-бабалары бастан кешірген азапты күндердің артқа қалғанына шүкіршілік етті.


Хамзат Янгулбаев, Өскемен қаласының тұрғыны:


Мыңдаған жылдар бойы мекен еткен, кіндік қаны тамған жерден халықты түп-тамырымен қопарып қоныс аударды. Біз колхоздар құрыла бастағанда, мал-мүлкімізді үкіметке өткізуге бас тартқан болатынбыз. Сол қиын заманда қамқорлық танытқан қазақ еліне алғысымыз шексіз. Бүгінде бейбіт өмір кешудеміз.


Бүгінде Қазақстандағы шешен халқы мен жергілікті тұрғындар бір атаның баласындай болып кеткен. Тілі бөлек болса да бәрінің тілегі, ниеті бір. Ол қазақ елінің көркеюіне үлес қосу.


Алдияр Әубәкіров, Өскемен қаласының тұрғыны:


Жәй үйлерінде жүрген адамдарды қызыл армияны қолдаймыз деп жиналысқа шақырып, алып кеткен ғой. 1957 жылы Отанға қайтуға рұқсат берілгеннен кейін біразы қайтты. Қайтпай қалғандары өз тағдырларын осы Қазақстанмен байланыстырды.


Қанат ОРАЛБЕК