$479.05 €534.57 ₽5.17
×

Қостанайда қар астындағы қалған көлікте 3 адам қайтыс болды

AstanaTV
17.03.2014ж. 10:00
930
Қостанайда қар астындағы қалған көлікте 3 адам қайтыс болды

Қар астында қалған жеңіл көліктен үш адамның мәйіті аршылып алынды. Қостанай облысында жолды қардан тазарту кезінде ішінде қайтыс болған адамдары бар жеңіл көлік табылған.

Белгілі болғандай, қатты бұрқасында көлікті қар басып қалған. Жылыту мақсатында көлік сөндірілмесе керек, сөйтіп адамдардың өліміне оның түтіні себепші болған. Ал машинадағы төртінші жолаушы 21 жастағы азамат иіс тиіп уланған күйінде ауруханаға жеткізілді.

Айта өтейік, демалыс күндері Қазақстан аймақтарында қатты бұрқасын болды. Құтқарушылар 600-ге тарта көлікті қар құрсауынан алып шыққан. Әсіресе, Ақтөбе, Ақмола, Қостанай, Қарағанды және Солтүстк Қазақстан облыстарының жолдарында жағдай тым қиындап, көлік кептелісі болды. 1200-ге жуық адам құтқарылған.

Илхам ИБРАГИМ