$499.04 €544.45 ₽5.96
×

Түркия премьер-министрі Украинадағы ахуалды Қазақстан Президенті Н.Назарбаевпен талқыламақ

AstanaTV
18.03.2014ж. 13:00
546
Түркия премьер-министрі Украинадағы ахуалды Қазақстан Президенті Н.Назарбаевпен талқыламақ

Украинадағы ахуалды шешуде Қазақстан пікірі маңызды. Түркия премьер-министрі Реджеп Тайип Эрдоған Киевтегі жағдайды Қазақстан және Әзірбайжан елдері басшыларымен талқылауды жөн көрді. Бұл ойын Түркия премьері жергілікті телеарнада берген сұхбатында жариялады.

Реджеп Тайип Эрдоған, Түркия
премьер-министрі:

Қалай болғанда да, біз автономиялық Қырым республикасымен біргеміз! Жергілікті халықтың құқығын қорғау үшін Ресей Федерациясымен келіссөздерді жалғастырып жатырмыз. Бірер күнде Германия канцлері Ангела Меркельмен кездесіп, талқылаймыз деген ойдамын... Нақты нәтижеге жету үшін Әзірбайжан мен Қазақстан президенттерінің пікірі де өте маңызды... Ал қазіргі жағдай Қырымдағы бауырларымыз үшін қуантарлық емес.

Сымбат МОЛДАТАЙ