$499.04 €544.45 ₽5.96
×

Ресей Қырымды тәуелсіз ел ретінде мойындады

AstanaTV
18.03.2014ж. 10:00
1159
Ресей Қырымды тәуелсіз ел ретінде мойындады

Ресей президенті Владимир Путин Қырым Республикасын тәуелсіз, еркін мемлекет ретінде тану туралы үкім шығарды. Бұл туралы ресейлік президенттің баспасөз қызметі хабарлады.

Ендігі ретте Қырымның Ресей Федерациясының құрамына кіруіне еш кедергі жоқ. Еске салайық, кеше Қырым Республикасында өткен референдумның қорытындысы жарияланды. Онда халықтың 95%-дан астамы Ресейге қосылуды құптайтынын айтып, дауыс берген.

Іле-шала АҚШ және Еурооодақ ресейлік шенеуніктерге қарсы санкциялар енгізді. Өйткені олар Ресейді Украинаның егемендігіне қол сұқты деп айыптады. Қара тізімге іліккендер арасында Ресей президентінің көмекшілері Владислав Сурков және Сергей Глазьев, мемлекеттік Думаның ТМД елдерінің істері бойынша комитет басшысы Леонид Слуцкийлер бар. Жалпы әңгіме өзегі санкциялар енген тізімідегі адамдардың шетелдегі активтерін тоқтату және ол азаматтармен ешбір іскерлік қарым-қатынастар жасамау турасында болып отыр.

Пол
Дж. Саундерс, Ұлттық мүдде орталығының орындаушы директоры:

Енгізілген санкциялар кімге кесірін тигізді? Айтыңыздаршы!? Ешкімге... Бұл тек символикалық іс-қимыл. Естеріңізде болса Конгресс 15 ай бұрын дәл осындай шектеулер қойған. Бірақ зардап шегіп жатқан ресейліктер жоқ. Егерде әкімшілік тарапы экономикалық санкциялар енгіземіз десе, олардың Ресейде тұрып жатқан америкалықтар мен сол жақта жұмыс жасап жатқан америкалық компанияларға шектеулер қоюлары мүмкін екендігін ескеруіміз керек.

Ал бұл кезде Ресейге қосылғысы келетіндер пайда бола бастады. Приднестровье де Ресей қол астына өтуді қалайды. Бұл туралы «Ведомости» газеті жазды.

Белгілі болғандай, мойындалмаған республиканың Жоғарғы кеңес төрағасы Михаил Бурла ресейлік Думасының төрағасы Сергей Нарышкинге заңнамада екі елдің қосылу тетіктерін табуды сұраған.

Жұрағат БАМАН