$479.05 €534.57 ₽5.17
×

Чилиде жойқын зілзала болды

AstanaTV
18.03.2014ж. 10:00
923
Чилиде жойқын зілзала болды

Чилиде жойқын жер сілкінісі болды. Қуаты 7 баллға жеткен зілзала солтүстік-батыс жағалауды тып-типыл етіп кетті. Апаттан қорқып қалған жүрт, әлі естерін жия алмай отыр.

Дегенмен, жер сілкінісі салдарынан қаза тапқан ешкім жоқ. Өйткені төтенше жағдайды алдын ала болжаған мамандар 100 мың адамды қауіпсіз жерге көшіріп үлгерген. Олар 3 сағаттан соң үйлеріне оралғанда, баспаналар түгелдей қирап қалған еді.

Зілзаладан соң, болжанған цунами болған жоқ. Мұндағылар 2010 жылды әлі естен шығара қоймады. Ол кезде жер дүмпулірінен кейін, цунами көтеріліп 600-ге жуық адам қаза тапқан еді.

Илхам ИБРАГИМ