$479.05 €534.57 ₽5.17
×

Еліміздің 5 облысында жауын-шашын болып, боран соғады

AstanaTV
18.03.2014ж. 10:00
1137
Еліміздің 5 облысында жауын-шашын болып, боран соғады

Және соңында ауа райы туралы. Бүгін еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын болып, кей жерлерде боран соғады. Қазірдің өзінде 5 облыста дауылды ескерту жарияланды.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарында және Павлодар облысында жаңбыр жауып, арты қарға ұласуы ықтимал. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні секундына 22 метрге, кей жерлерде 30 метрге жетеді деп күтілуде. Бүгін және ертең оңтүстікте жел күшейсе, солтүстікті қалың тұман басуы мүмкін.

Ал төтенше жағдайлар саласы өкілдері, бұл жағдай кей өңірлерде тасқын қаупін арттырады деп отыр.

Илхам ИБРАГИМ