$499.04 €544.45 ₽5.96
×

Жоғалған малайзиялық ұшақты басқарған ұшқыштың үйінен әскери әуежайдың деректері табылды

AstanaTV
19.03.2014ж. 10:00
990
Жоғалған малайзиялық ұшақты басқарған ұшқыштың үйінен әскери әуежайдың деректері табылды

Із-түссіз жоғалып кеткен малайзиялық ұшаққа байланысты жаңа деректер пайда бола бастады. Малайзиялық полициясы Boeing-777-інің командирінің үйінен жасанды әуе тренажерін тапқан.

Онда Үнді мүхитіндегі 5 бірдей жасырын ұшып-қону алаңдары бойынша толық ақпарат бар болып шықты. Оның ішінде АҚШ-тың «Диего Гарсия» әскери базасының қону алаңдары да бар.

Бұған қоса, жоғалған әуе кемесі командирінің саяси белсенді болғаны, ұшақтың әуеге көтерілуінен бұрын әлгі командирдің Малайзия оппозициясы лидерінің сотына қатысып келгені анықталды. Дәл осы соттағы үкімге нарызылық танытқан ол ұшақты айдап әкеткен болуы мүмкін делінуде. Қазір ұшақ тағдырына қатысты екі-ақ болжам жасалуда. Командир өзі білетін жасырын жерге қонған немесе әуеде жарылып, бөлшектері мұхит түбіне түсіп кеткен.

Естеріңізге сала кетейік, Malaysian Airlines әуе компаниясының Куала-Лумпурдан Бейжіңге бет алған ұшағы 8 наурызға қараған түні жоғалды. Бортта 227 жолаушы мен 12 экипаж мүшесі болған.

Илхам ИБРАГИМ