$505.15 €550.31 ₽5.89
×

«Кавказ-центр» сайты «Имарат Кавказ» жетекшілерінің қайтыс болғанын мәлімдеді

AstanaTV
19.03.2014ж. 13:00
1114
«Кавказ-центр» сайты «Имарат Кавказ» жетекшілерінің қайтыс болғанын мәлімдеді

Шешен террористі Доку Омаров кезекті рет «өлтірілді». Бұл жолы оның өлімі туралы хабарды бірқатар елде тыйым салынған «Кавказ-центр» сайты таратты.

Айта кетейік, электронды басылымды лаңкестер қаржыландырып отыр. Алайда, ресми органдар бұл ақпаратты растамайды. Ұлттық антитеррористтік комитет те бұл жайдан бейхабар. Бір қызығы - Шешенстан содырларының басшысы Доку Омаровтың көзі жойылды деген ақпар бұған дейін де бірнеше рет тарады. Тіпті Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров содырлардың құпия келіссөздерін естіп, Омаровтың мерт болғандығын ресми түрде жариялаған еді.

Алайда, көп ұзамай Омаров бейне хабарлама арқылы қайта байланысқа шықты. Айта кетейік, ол халықаралық аса қауіпті лаңкестер тізімінде.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА