$499.04 €544.45 ₽5.96
×

Қауіпсіздік агенттігі тұтас бір мемлекет телефон қоңырауларын тыңдай алады

AstanaTV
19.03.2014ж. 13:00
1095
Қауіпсіздік агенттігі тұтас бір мемлекет телефон қоңырауларын тыңдай алады

Аты шулы Эдуард Сноуден Американың тағы бір былығын әшкереледі. Оның айтуынша, АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздік агенттігінің кез келген елдің барлық телефон қоңырауларын тындап отыруға мүмкіндігі бар.

«Washington Post» газеті өз ақпарат көздеріне сүйене отырып, осы мақсатта арнайы құрылған «Mystic» бағдарламасы 2009 жылдан бері жұмыс істей бастағанын жазады.

Аталған бағдарлама арқылы алынған барлық ақпарат бір ай сақталады. Жаңа жазбалар түсіп отырған сайын, ескілері автоматты түрде өшіріліп отырады екен. Әзірге, АҚШ қай елдің телефондарын тыңдап отырғаны туралы ақпарат жоқ. Басылым Америка өткен жылдың қазан айында тыңдау құрылғысын алпыс елге жүргізуге дайындалған деп жазды. Және кез келген телефон қоңырауын тыңдауды көздеген.

Ал бұған дейін Барак Обама «АҚШ ұлттық қауіпсіздігіне қатер төндірмейтін қарапайым адамдарды аңдымайды»,-деп бірнеше мәрте айтқан еді. Әзірге Ақ үй бұл ақпаратқа қатысты ешқандай мәлімдеме берген жоқ.

Айгүл ӘДЕПБАЙ