$505.15 €550.31 ₽5.89
×

Кәсіподақтармен жанжалдасқан басшылық Индиядағы екі зауытты жапты

AstanaTV
19.03.2014ж. 13:00
811
Кәсіподақтармен жанжалдасқан басшылық Индиядағы екі зауытты жапты

Toyota компаниясы Үндістандағы екі бірдей зауытының жұмысын тоқтатты.

Bloomberg агенттігінің таратқан ақпарына сай, мұнда жалақы көтеру жайындағы келіссөздер 10 айға созылып кетті. Салдарынан жұмысшылар жұмыс орнына шықпай қойды. Компания үлкен шығындарға батып жатыр. Екі зауыт күніне 700 автомобиль шығарған. Шығынның нақты соммасы әлі көрсетілмей отыр.

Айта кетейік, бұған дейін де Toyota Австралиядағы зауытын жабуға мәжбүр болды. Қазір компания қызметшілер кәсіподақтарымен келіссөздер жүргізіп жатыр. 6,5 мың жұмысшының қашан жұмысқа шығатыны белгісіз.

Айта кетейік, Toyota Үндістанда 1999 жылдан бастап жұмыс істей бастаған. Жергілікті зауыттар жеңіл және жол талғамайтын көлік шығарады.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА