$505.15 €550.31 ₽5.89
×

Түркияның Карс қаласында статистика институтының бұрынғы қызметкері кеңседе алты адамды атып өлтірді

AstanaTV
19.03.2014ж. 20:00
1124
Түркияның Карс қаласында статистика институтының бұрынғы қызметкері кеңседе алты адамды атып өлтірді

Жұмыстан қуылған қызметкер қарумен оралды. Түркияның шығысында орналасқан Карс қаласында статистика институтының бұрынғы қызметкері кеңседе алты адамды атып өлтірді, біреуін ауыр жарақаттады. Өзіне де бір оқ қалдырған.

Вэйси Ерим есімді жұмыскерді бұл қылмысқа не итермелегені әлі анықталып жатыр. Дегенмен, түрік баспасөзі қарумен ойран салған адам бұған дейін статистика бюросында қызмет етіп, кейін жұмыстан шығарылғанын хабарлады. Ол жылдар бойы өз жұмысына қайта орналаса алмапты, кейін әлеуметтік қызметкер міндетін атқарған.

Бүгін статистика институты кеңсесіне бейсауыт кіріп келген Вэйси Ерим әуелі қызметкерлерге оқ жаудырған, сосын директор Мехмот Толонды атып өлтірді. Соңында өзін-өзі өлтірген.


Жұрағат БАМАН