$498.34 €519.72 ₽4.85
×

"Нұр Отан" партиясы "Бақытты балалық шақ" жобасын іске қосты

AstanaTV
19.03.2014ж. 20:00
1374
"Нұр Отан" партиясы "Бақытты балалық шақ" жобасын іске қосты

Туған баласынан бас тарту - қоғамға төнген қатер. Мұндай дертпен күресу мақсатында "Нұр Отан" партиясы "Бақытты балалық шақ" жобасын іске қосты. Жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалардың өмірін жақсарту үшін қажетті шаралар бүгін жоба аясында талқыланды.

Мәжіліс депутаттары мән-жаймен жете танысу үшін тек үстел басына жиналып қоймай, мектептерді аралағанын айтады. Соның бірі - Астанадағы инклюзивті білім беретін № 65 мектеп- гимназия. Бұл білім ордасында сау балалармен бірге мүмкіндігі шектеулі балғындар оқиды. Мәжіліс депутаттары оларға қажетті арнайы парталар, биіктігі реттеліп отыратын лифт және арбаларды өз көзімен көрді. "Жетпей жатқан қажетті құрылғылар да баршылық", - дейді олар. 


Камал Бурханов, ҚР Мәжіліс депутаты, "Нұр Отан" фракциясының мүшесі:


Әрбір қалада, облыста осындай бір- бір мектептер болу керек деп отырмыз. Мүмкіндігі шектеулі жас балапандарымыз сол мектептерде оқиды. Ол жерде арнаулы мұғалімдер болады. Арнаулы массажисті болады, арнаулы ставкалар ашу керек.


Сымбат МОЛДАТАЙ