Оралдағы бастауыш сынып оқушыларының бір жыныстылар
арасындағы махаббат туралы ертегіні оқу өрескел қателік болып табылады. Бұл
туралы бүгін арнамызға Білім және ғылым вице-министрі Есенғазы
Иманғалиев мәлімдеді.
Мұндай олқылық Орал қаласындағы мектептердің бірінде орын
алғаны туралы кешегі хабарымызда айтқанбыз. Сыныптан тыс оқуға берілген екі
ертегі де біржынысты махаббатты дәріптейтін көрінеді.
Вице-министрдың айтуынша, ұстаз ұсынылған әдебиетті
интернеттен іздеуде авторлардың атын шатастырған. Зоя Петрова атты автордың
шығармалары орнына Сионелла Петрованың ертегілерін жүктеген.
Базаргүл ОТЫНШИЕВА