Түркияда атыс салдарынан жеті адам көз
жұмды. Оқиға елдің шығыс аймағында орналасқан
Карс қаласындағы Статистика институтының ғимаратында болды.
Бұқаралық ақпарат құралдарының
хабарлауынша, жұмыстан босатылған осы институттың бұрынғы қызметкері келіп,
қарумен сес көрсеткен. Алдымен тек бір
әріптесін тұтқынға алған ол, суық қаруымен аяқ астынан тұтас ұжымға оқ
жаудырып, алты адамды ажал құштырған. Көп ұзамай қылмыскер оқиға орнында өзін
де атып тастайды. Ал полицейлер болса, жеті адамның қазасынан соң біра-ақ оқиға орнына
келген.
Айта кетейік, Түркия Статистика институты - санақпен
айналысатын мемлекеттік мекеме. Карс қаласында оның тек бір бөлімі орналасқан.
Сымбат МОЛДАТАЙ