$505.15 €550.31 ₽5.89
×

Халықаралық ұйымдар Грекияға қаржылай көмек көрсете бастады

AstanaTV
20.03.2014ж. 10:00
1261
Халықаралық ұйымдар Грекияға қаржылай көмек көрсете бастады

Грекия ақыры үлесті несиеге қол жеткізді. Халықаралық несие берушілермен қол қойылған ортақ келісімге сәйкес, берілетін қарыз траншының көлемі - 10 миллиард еуро.

Алты айға созылған толассыз келіссөздер нәтижесінде Грекия Еуроодақ, Еуропалық Орталық банк және Халықаралық Валюта қорымен ортақ келісімге қол жеткізді. Елдің қаржы министрі Яннис Стурнарас оны соңғы төрт жылда жүргізілген ең күрделі келісім деп атады.

Естеріңізге сала кетейік, бұл мемлекеттің саяси және экономикалық дағдарысты өткеріп жатқанына биыл алтыншы жыл. Жаппай жұмыссыздық, зейнетақы мөлшерінің мардымсыздығы, айлық пен жәрдемақының тапшылығы Грекия халқына таңсық емес. Әбден ашынған жергілікті халық бірнеше рет жаппай наразылық акциясына да шықты. Бірер күн бұрын өткізілген осындай шеруде тұрғындар жұмыстан қуып жатқан билікке наразылық білдірді.

Ал ел Үкіметі мұндай қадамға бармаса, халықаралық несие берушілердің қаржылық көмектен бас тартанынын айтып ақталуда.

Айта кетейік, тек өткен жылдың желтоқсан айында 4 мыңға жуық грекиялық тұрғын жұмыс орнымен қош айтысты.

Сымбат МОЛДАТАЙ