$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Батыс Қазақстан облысы аумағындағы өзендерде мұз жару жұмыстары жүргізілуде

AstanaTV
20.03.2014ж. 10:00
1228
Батыс Қазақстан облысы аумағындағы өзендерде мұз жару жұмыстары жүргізілуде

Батыс Қазақстан облысы аумағындағы өзендерде мұз жару жұмыстары басталды. Осылайша мамандар еріген суға жол ашып жатыр. Өйтпеген жағдайда аймақты су басайын деп тұр.

Төтенше жағдай мамандарының айтуынша, аймақтағы өзен суларының бетіндегі мұздың қалыңдығы 40-50 сантиметрге жеткен. Бұл көрсеткіш жылдағыдан әлдеқайда артық. Ал, қар қорындағы судың көлемі 60%.

Елді мекендерді топан су басуына, көп жағдайда мұз кептелісі себеп болып жатады. Кей кезде мұз басқан жердің ұзындығы тіпті бір шақырымға да жетеді. Құтқарушылар қауіпті деген аймақтарды анықтау жүмыстарын жалғастыруда. Ірі мұз кептелістерін жою үшін шамамен екі келі жарылғыш зат қажет. Мамандар мұндай әрекеттер арқылы судың биіктігін 2-3 метрге дейін түсіруге болады дейді.

Нұрболат Егінбаев, Орал қалалық ТЖБ бас маманы:

Жыл сайын белгілі бір жерлерді жарамыз. Өзеннің бұрылған тұстарында, кептеліс болуы мүмкін жерлерге орнатамыз. Судың еркін ағуына мұз кедергі келтіреді. Соны жою қажет. Биыл 17 нүктеде жарылыс жасау жоспарланып отыр.

Еркін ҚАРИН