$535.13 €627.44 ₽6.52
×

Еліміздегі өзендер мен су қоймалырында су деңгейі көтеріледі

AstanaTV
20.03.2014ж. 10:00
Еліміздегі өзендер мен су қоймалырында су деңгейі көтеріледі

Алдағы тәуліктерде өзендер мен су қоймаларында судың деңгейі біршама көтеріледі. Ал бұл, тасқын қаупін күшейтуде.

Мамандар Сырдария, Шу өзендерінде, сондай-ақ Алматы, Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстарындағы және республикамыздың батысындағы өзендерде сең бұзылып, су деңгейінің молаюы күтілуде деп, дабыл қаға бастады. Шығыс Қазақстан облысының шағын өзендерінде күннің жылынуы салдарынан қар еріп, су деңгейі көтеріледі.

Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарында жаңбырға байланысты су көлемінің ұлғаюы күтілуде. Ал Қайраққұм су қоймасындағы судың кемуінен Шардарадан Сырдарияға босатылатын судың азайғаны байқалады.

Илхам ИБРАГИМ