$505.15 €550.31 ₽5.89
×

АҚШ-тың 100-ден астам иммигранты арнайы жасалған құпия орнында жасырынған

AstanaTV
20.03.2014ж. 13:00
1008
АҚШ-тың 100-ден астам иммигранты арнайы жасалған құпия орнында жасырынған

Хюьстонда полиция жүзден астам иммигрантты тұтқыннан босатты.

Белгілі болғандай, қылмыскерлер 95 ер адам мен 15 әйелді қыстап, қамауда ұстаған. Тұтқындар арасында балалар да бар. Олар бір жеті күндей қапаста отырған. Қазір жағдайлары қалыпты.

Қашып кетпес үшін, барлығын жалаң аяқ, іш киіммен қамап қойған. Қашу мүмкін де емес еді. Өйткені, терезелер тақтаймен тұмшаланып, темір есік сырттан ғана ашылады. Иммигранттар АҚШ-қа заңсыз жолмен Гондурас, Гватемала, Сальвадор мен Мексикадан келгендер. Қазір олардың қалай жеткенін полиция анықтауда.

Мөлдір ДҮЙСЕКИНА