Қарағандының жер үйлері осымен екінші тәулік су құрсауында. Толассыз жауған жаңбыр мен еріген қар суы Бадин көшесіндегі оннан аса үйді басты. Тұрғындар су тасқынымен өздері күресуде. Әйтсе де топан су сейілер емес. Жер үйлерге баса көктеп кірген мұздай су едендер мен қабырғаларға зақым келтірді. Тұрғындардың ойынша, бәріне кінәлі арықтарды тазаламаған коммуналды сала қызметкерлері.
Ілияс Қалиев, Бадин көшесінің тұрғыны:
Мен мектептен келе сала, су тазалауға кірісемін. Әзірше сабақ оқып жүрген
жоқпын. Айналаңның бәрін су басып жатқандықтан, үйде тіпті ұйықтай алмайсың.
Гуля Ысқақова, Бадин көшесінің тұрғыны:
Біз осымен екінші тәулік жергілікті әкімшілікке хабарласудамыз. Алайда олар
бізге көмектесудің орнына барлық жерге сіңіп жатыр деп жауап қайтарады. Енді
қолдан келгеннің бәрін өзіміз жасап жатырмыз.
Базаргүл ОТЫНШИЕВА