$505.15 €550.31 ₽5.89
×

АҚШ-та Тoyota концерні билікке 1,2 млрд доллар айыппұл төлейді

AstanaTV
21.03.2014ж. 10:00
1078
АҚШ-та Тoyota концерні билікке 1,2 млрд доллар айыппұл төлейді

«Toyota Motor» Америка билігіне 1 жарым млрд долларға жуық айыппұл төлейтін болды. Мұндай ақпаратты АҚШ-тың әділет министрлігі таратып отыр. Концерн шығаратын көліктердегі газ басқышына қатысты жылдар бойы жалғасқан дауға осы рекордтық айыппұл нүкте қойды.

Еске сала кетсек, Тoyota маркалы көліктерінің газ басқышы зауыттан ақаумен шыққан. 2009 жылдан бері көлік жылдамдығын тежей алмай қалған жүргізушілерден мыңдаған шағым түсті. Талай адам жол апатына ұшырап, арты қайғылы аяқталып та жатты.

Алайда прокурорлардың айтуынша, машина өндірісінің алпауыты қатесін мойындап, ақауды жөндеуге асықпаған. Яғни, олар халықтың қауіпсіздігіне емес, өз абыройына көбірек алаңдады, дейді билік. Дегенмен, енді Тoyota-ға жоғарыда айтылған миллиардтаған айыппұлдан бөлек, көлік ақауынан зардап шеккендердің де миллиондаған шығынын өтеуге тура келеді.

Айгүл ӘДЕПБАЙ