Астанада
«Таза аула, таза кіреберіс» науқаны өтті. Акцияны қалалық жастар саясаты
басқармасының қолдауымен «Жас Отан» жастар қанаты ұйымдастырған. Осылайша, елордалық студенттер үйлер мен аулаларды абаттандырып, ағаш көшеттерін
отырғызып шықты. Сондай-ақ, көпқабатты үйлердің кіреберістерін тазалауға да
белсене кірісті. Балалар алаңдарын көріктендіріп, жаңарту жұмыстары жүргізілді.
Бұдан былай да «Жасыл ел» жасақтары мен «Жас Отан» жастар қанаты
ұйымдарының белсенділері тазалық
акцияларын тұрақты түрде өткізбек.
Болысбек
Мұхамеджан, «Жас Отан» жастар қанаты Астана филиалы жанындағы бөлімше
жетекшісі:
Осы
акцияның бір ерекшелігі, биыл Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына орай 25 түп тал
отырғызып отырмыз. Басты мақсатымыз - елімізге деген патриотизмді дамыту, сонымен
қатар патриоттықққа баулу және көгалдандыру жұмыстарына көптеп назар
аудартуымыз қажет. Айтып жатырмыз ғой, таза қаламыз болуы керек, еліміз
көркеюі керек. Неден бастауымыз керек?! Ең бірінші өзімізден бастауымыз керек, ауламыздан бастауымыз керек.