Нұрсұлтан Назарбаев барша қазақстандықтарды әз-Наурыз мейрамымен құттықтады. Елбасы елордадағы «Қазақ елі» монументінің алдында Ұлыстың
ұлы күніне орай ұйымдастырылған мәдени шараға қатысты.
Өз сөзінде мемлекет басшысы «Ұлыстың
Ұлы күні дегеніміз - мемлекеттің ұлы мерекесі» екенін айтты. Күн мен түн
теңесіп, көктем басталып, бүкіл адам да, жануарлар да осы кезде тіріліп,
табиғатпен бірге оянатын тамаша кез», - деді Мемлекет басшысы.
Сондай-ақ, Президенттің атап өтуінше,
жылда тойланатын әз-Наурыз осыдан 23 жыл бұрын Қазақ елінің тәуелсіздігімен
бірге қайта жаңғырды. Содан бері бұл мереке
елдің бірлігіне, татулығына қызмет етіп келеді.
Сымбат МОЛДАТАЙ