$505.15 €550.31 ₽5.89
×

Түркия премьер-министрі Ердоғанның шешімімен Тwitter-дің жұмысы тоқтатылды

AstanaTV
21.03.2014ж. 13:00
942
Түркия премьер-министрі Ердоғанның шешімімен Тwitter-дің жұмысы тоқтатылды

Түркия Twitter әлеуметтік желісінен бас тартты. Премьер-министр Реджеп Тайип Ердоғанның бұйрығымен, кез келген әлеуметтік желіден енді Twitter-ге енуге рұқсат жоқ.

Саясаткер бұл шешімін сот шешіміне сәйкес қабылдаған және ол халықаралық қауымдастықтардың пікірі мүлдем маңызсыз деп мәлімдеді. Twitter желісі кеше түнде жабылды. Оған кіруге ұмтылған Түркия азаматтарына ескертпе мәтін шығады, яғни сайтты жабу туралы сот шешімімен таныса алады.

Ал Сан-Францискода орналасқан базалық компания түркиялықтарға лезде өз ақыл-кеңестерін айтты. Ұялы телефондары арқылы смс жүйесін қолданса, Twitter-ге кіруге мүмкіндік бар екен.

Айта кетейік, Ердоған бұған дейін Facebook және Youtube сайттарын қолдануға тыйым салатынын айтқан. Өйткені, наурыз айының басында Youtube желісінен құпия әңгіме табылып, Түркияны дүр сілкіндірді.

Премьер-министр Ердоғанның ұлымен телефон арқылы сөйлескен сөзінде ондаған миллион еуро туралы әңгімелескен. Бұл жазбаны Ердоған монтажбен жасалған жалған ақпарат деп атады, тіпті, оны ел Үкіметіне қарсы жасалған әрекет деп бағалады.

Сымбат МОЛДАТАЙ