$479.05 €534.57 ₽5.17
×

АҚШ-та салынып жатқан мұнараға шығып алған жасөспірім қамауға алынды

AstanaTV
21.03.2014ж. 13:00
1247
АҚШ-та салынып жатқан мұнараға шығып алған жасөспірім қамауға алынды

Нью-Йорктің 16-жасар тұрғыны Манхэттендегі биік мұнараның басына шығып алды. Дүниежүзілік сауда орталығының құрылысы аяқталмаған ғимаратына өрлегендіктен, тәртіп сақшылары оны қамауға алды.

Жасөспірім өзгенің меншігіне залалын тигізгені үшін айыпталуда. Тәуекелшіл бала кешен аймағына қоршаудағы кішігірім саңылау арқылы еніп кеткен. Бұдан кейін ол құрылысы аяқталып қалған Бостандық мұнарасына өрмелепті. Қауіп-қатерді жақсы көретін ол, зеңгір үйдің ұшар басына бір-ақ жеткен. 104-қабатқа келгенде күзетшілерден де қашып құтылады.

Жасөспірімнің сондағы мақсаты - ұшар биіктен сурет түсіру екен. Дегенмен, қамауға алынған соң, ол фотоаппараты мен ұялы телефонынан айырылды. Ал тәртіп бұзушыны қолға түсіре алмаған күзетшілер жұмыстан шығарылды.

Айта кетейік, Бостандық мұнарасы немесе Дүниежүзілік сауда орталығы - Нью-Йорктағы ғана емес, Батыс жарты шарындағы ең биік ғимарат. Оның биіктігі - 541 метр, құрылысына 3,9 миллиард доллар жұмсалған.